Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Деструктивті діни ағымды ұстанушылар ақтаулықтан 8 млн теңге бопсалаған

Деструктивті діни ағымды ұстанушылар ақтаулықтан 8 млн теңге бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне деструктивті діни ағымды ұстанушылар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында ақшалай қаражат бопсалаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Осы жылдың 13 қыркүйегінде сағат 23:30 шамасында алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жәбірленушіні Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде орналасқан жалдамалы пәтерге алдау жолымен әкеліп, тапанша, электрошокер мен пышақты құрал ретінде пайдалана отырып, бопсалау жолымен жәбірленушіден 8 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражат талап етті және өзінің барлық іс-әрекетін ұялы телефон камерасына түсірген.

Бұл дерек Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі және 126-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

​Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Маңғыстау облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Маңғыстау облысының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында бір мезгілде күдікті деструктивті діни ағымның төрт жақтаушысын анықтап, ұстады. Оларға қатысты тінту іс-шаралары жүргізілді.

Барлық заттай дәлелдемелер тәркіленді.Төрт адамнан тұратын топтағы адамдардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, соттың санкциясымен барлығы қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру