Ақмолалықтың үйіне ұрлыққа түскен күдікті анықталды
Ақмолалықтың үйіне ұрлыққа түскен күдікті анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс Жібек Жолы ауылының жеке секторында орын алды. Биылғы жылдың 18 қарашасында Аршалы АПБ-ға 40 жастағы жергілікті тұрғынның ұрлық жасалғаны туралы өтініші келіп түсті.
Әйел 14-17 қараша аралығында белгісіз адамдар кілттерді таңдау арқылы үйден 3,8 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлап кеткенін хабарлады.
Күдікті адамды анықтау үшін тәртіп сақшылары қылмыс болған жерді тексеріп, ауланы аралап, көршілеріне сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікті анықталды. Ол Жамбыл облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.
Жәбірленуші қаскүнемнің жұмыс берушісі екені белгілі болды. Осыған байланысты жәбірленушінің үйінде қылмыскер ешбір қиындықсыз бағдарланған.
Күдіктінің әрекеттері бейнебақылау камераларының жазбаларымен тіркелді. Оны ақмолалық жедел уәкілдер әріптестерімен бірге Жамбыл облысының аумағында ұстады. Қаскүнем ақша ұрлығын жасағаннан кейін жолға шыққан.
Осы фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.