Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоланың бас полицейі қамқорлыққа алынған мектеп оқушыларын білім күнімен құттықтады

Ақмоланың бас полицейі қамқорлыққа алынған мектеп оқушыларын білім күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйектің бірінші күні – ерекше мереке, оған балалар да, ересектер де бірдей құрметпен қарайды. Бұл барлық оқушылар үшін қуаныш пен үмітке, жаңа ашылулар мен көптен күткен кездесулерге толы күн. Қамқорлыққа алынған мектеп тәрбиеленушілерін маңызды оқиғалармен құттықтау тәртіп сақшыларының игі дәстүріне айналды.

Ақмола полицейлері Білім күніне арналған Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатында өткен салтанатты жиынға қатысты. Мектеп-интернатының директоры Алтын Мұстафинова оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, Полиция департаментімен жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Полиция департаментінің бастығы Думан Таев бірінші сынып оқушыларын алғашқы қоңырауларымен жеке құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

– Біздің барлығымызда Білім күнімен балалық шақтың ең жылы естеліктері байланысты. Осы оқу жылы сіздер үшін танымды, қызықты және жеңіл болсын, – деген тілегін білдірді.

– Полицейлер ең алдымен кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Мектептер мен іргелес аумақтардың жанында күштер мен құралдарды орналастыру өзгертілген, патрульдеу күшейтілген. Жылдамдық режимін сақтау бойынша рейдтер жүргізілуде, балалардың жолдардағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Абайлаңыз – балалар!» акциясы басталды, – деп атап өтті Ақмоланың бас полицейі.

Іс-шара соңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар облыстың бас полиция қызметкерімен естелік суретке түсті.

Сонымен қатар, ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған әңгіме өткізді. Тәртіп сақшыларының айтқандарын түсінуге сурдоаудармашы көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру