Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді

Алматы облысының полициясы балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамыз күні Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің ұрып-соғылғандығы жайында ақпарат келіп түскен.

Аталған сигнал бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер біраз уақытқа “Солнышко” балалар үйіне тапсырылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген факті бойынша жиналған материал соттың қарауына жіберілді.

Балаларды одан әрі қорғаншылыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру