Ақсу полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады
Ақсу полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 маусым күні сағат 02.15-те Ақсу қаласында патрульдік полиция взводының инспекторлары көшеде келе жатқан күдікті ер адамды байқады.
Өтіп бара жатқан адамның жеке басы анықталған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін осы азаматтың осы жылдың 25 сәуірінен бастап мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. Бұл факті туралы іздестіру бастамашысына Алматы облысының Әуезов полиция басқармасына хабарланды.
Қазіргі уақытта іздестіріліп жатқан адам Ақсу қалалық ПБ УҰИ-ға қамалды, кейіннен ол Алматы қаласына жіберіледі.