Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” қорытындысы: Шығыс Қазақстанда шамамен 30 млн теңге өндірілді

Шығыс Қазақстан облысында “Борышкер” жедел алдын алу шарасы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша іс-шараны 13-15 маусым аралығында жүргізді.

Үш күн ішінде полицейлер 29 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды. Әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлердің 225 автокөлігі мамандандырылған тұраққа орналастырылды.

1105-тен астам адамға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында әкімшілік заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары сот орындаушыларымен бірлесіп, өңірде рейдтік іс-шаралар өткізді. Пәтерлерді және аулаларды аралау барысында борышкерлермен белгіленген мерзімде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.

Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін ШҚО ЖПҚ Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлды уақытында төлеуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру