Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” акциясы жалғасуда

ШҚО-да “Отбасындағы зорлықзомбылыққа жол жоқ!” акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 13 маусымнан бастап облыс аумағында “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” республикалық акциясы өткізуде.

Акция профилактикалық сипатқа ие және халықты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыруға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарымен тұрақты негізде 77-46-76 сенім телефоны бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша кеңес беру және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 77-19-22, 8-771-44-511-44 телефондары бойынша “Жедел желі” жұмысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның үш күні ішінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар облыс бойынша жедел желі телефондары және отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі бар 4500-ден астам парақшалар таратты, қалалар мен аудандардың көшелерінде 70-тен астам билбордтар мен плакаттар орналастырылды.

Сонымен қатар, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдардың, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі. Оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.

– Акция басталғаннан бері 196 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, 39 құқық бұзушыға қатысты сот тәртібінде мінез-құлыққа ерекше талаптар қойылды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін 81 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” республикалық акциясы ШҚО-да 21 маусымға дейін жалғасады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру