Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу тұрғыны мас күйеуінің үстінен арыз жазды

Ақсу тұрғыны мас күйеуінің үстінен арыз жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының полициясына 37 жастағы қала тұрғыны жұбайына қатысты шара қолдану туралы өтініш білдірді.

– Бұл кеште күйеуі үйде ішімдік ішіп, былапыт сөйлеп, өзінің құрметсіздігін білдірді, тұрмыстық заттарға зақым келтірді және тыныштықты бұзды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айдын Жүнісов.

Учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізді. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасын шығара отырып, әкімшілік хаттама жасады. Материал сотқа жіберілді.

Сот қаулысымен отбасылық жанжалқой екі тәулікке әкімшілік қамауға алынып, үш ай мерзімге арнайы талаптар қойылып, алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру