Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда мас күйде көлік басқарғандар қамауға алынды

Ақтауда мас күйде көлік басқарғандар қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

21 қыркүйек күні түнгі уақытта Ақтау қаласы 15 шағын ауданы теңіз жағалауында LADA-21723 және Nissan tiida автокөліктері тоқтатылды. Тексеру барысында полиция қызметкерлерімен екі жүргізушінің де көлік құралын масаң күйде басқарғандары белгілі болды.

35 және 41 жастағы жергілікті тұрғындар бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың үш жыл мерзімге көлік басқару құқықтарынан айырылғандары анықталды.

Қазіргі таңда аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру