Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда өткен концертте 15 мың көрерменнің қауіпсіздігін полиция мен Ұлттық ұлан қамтамасыз етті

Ақтауда өткен концертте 15 мың көрерменнің қауіпсіздігін полиция мен Ұлттық ұлан қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп, Ақтау қаласындағы амфитеатрда өткен ауқымды концерт барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Іс-шараға шамамен 15 мың көрермен қатысты. Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде қоғамдық тәртіп толық қамтамасыз етіліп, құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Концерт кезінде көпшілік арасында ата-анасынан адасып қалған 26 бала полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қысқа уақыт ішінде табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды.

Маңғыстау облысы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан қала тұрғындары мен қонақтарына алғыс білдіреді және бұқаралық іс-шараларға барған кезде ата-аналарды балаларына мұқият қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру