Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полиция қызметкерлері колледж студенттерімен кездесті

Ақтауда есірткі қылмысының алдын алу бағытында колледж студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстың жолын кесу мақсатында Ақтау қаласы Меридиан медициналық колледжінде студенттермен профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесуге Ақтау қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Н.Бақтыбай, Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі А.Әмірғалиева, оқу орнының оқытушы және білім алушы құрамы қатысты.

Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың салдары неге әкеп соғатынына аса мəн бермейді. Бұл ретте ата-аналар да балаларының жүріс-тұрысын қадағалап, араласатын ортасын, бос уақытта немен айналысатынын бақылауға алуы шарт.

Қазақстан Республикасында “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын” жүзеге асыру мақсатында жастарға есірткі заттарының зиянын және қылмыстық жауапкершілік туралы жан-жақты айтылды.

Кездесу барысында нашақорлыққа қарсы әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру