Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда заңсыз сақталған қара уылдырық тәркіленді

Ақтауда "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымға шығарылмақ болған қара уылдырық тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамырда Ақтау қаласының 6-шағынауданы аумағында "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Тексеру барысында 38 жастағы азаматқа жеке тінту жүргізіліп, нәтижесінде жалпы салмағы 2,200 келі болатын қара уылдырық салынған 4 пластик ыдыс табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру