Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда жол инфрақұрылымына кешенді тексеру жүргізілуде

Ақтау қаласында полиция қызметкерлері мен қалалық жол-техникалық инспекция бөлімінің қатысуымен көше-жол желісі және жол инфрақұрылымы нысандарына кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуірден бастап қолға алынған тексеру барысында 250-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 24 ұйғарым шығарылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Анықталған негізгі құқық бұзушылықтар қатарында жол жабынының қанағаттанарлықсыз күйі, инженерлік элементтердің (люктер мен құдықтардың) ақаулары, сондай-ақ жол таңбаларын ұйымдастыру мен бағдаршам нысандарының жұмысындағы кемшіліктер бар.

Әкімшілік жауапкершілікке қызмет көрсетуші ұйымдармен қатар коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың лауазымды тұлғалары да тартылды.

Тексеру шаралары жалғасуда. Ұйғарымдар белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру