Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-де «Үздік жасақ бастығы» анықталды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде КА-168/1, КА-168/2, КА-168/3 мекемелерінің тәрбие қызметтерінің қызметкерлері өзара сайысқа түсіп, «Үздік жасақ бастығын» анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқау барысында КА-168/1, КА-168/2, КА-168/3 мекемелерінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері, яғни жасақ бастықтары өздерінің қызметтерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуі және практикада шебер қолдануы, алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік құжаттаманы жүргізу және ақпараттық технологиялар саласында дағдылары болуы, қызметтік міндеттерді сауатты жоспарлауы және орындауы, қызметтік уақытты ұтымды, тиімді пайдалануы бойынша жұмыстарын көрсетіп, таныстырды.

Ал байқаудың 4-ші кезеңінде жасақ бастықтары өздерінің бір күндік жұмысы туралы дайындаған бейнероликте жазасын өтеушілерге таңертеңгі тексерістен бастап, кешкі ұйқыға жатқанға дейінгі күн тәртібіне сәйкес атқаратын іс-шараларын және жасақ бастығының құжаттамаларын қазылар алқасына көрсетіп, медициналық және кәсіби даярлыққа қатысты сұрақтарға жауап берді. Осылайша, өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы ер екендерін дәлелдеуге тырысқан жасақ тәрбиелеушілері байқаудың барлық кезеңінде де өздерінің үздік жасақ бастығы екендіктерін дәлелдеуге тырысты.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігіне, сауаттылығына, шешім қабылдау және жауаптардың дұрыстығына, сондай-ақ тапсырманы орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлді. Байқау қорытындысымен, КА-168/2 мекемесінің сотталғандар арсындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Исатай Шотпаков «Үздік жасақ бастығы» атанды. Енді ол республикалық деңгейде өтетін «Үздік жасақ бастығы» байқауына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің атынан бақ сынайтын болады.

– «Үздік жасақ бастығы» байқауының мақсаты – жасақ бастықтарының бірлігін нығайтып, беделін арттыру және моральдық-психологиялық ахуалды жақсарта отырып, қызметтік тиімділігін ынталандыру, сонымен қатар сотталғандармен тәрбие жұмысының сапасын арттырып, жалпы кәсіби өзегін нығайту, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы тобының бас маманы Руслан Тулегенов.

Айта кету керек, аталған байқаудың барлық қатысушылары Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру