Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді

Ақтөбе облысы ПД бастығы өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Аqtobe” телеарнасының тікелей эфирінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жусуповтың халық алдындағы  есептік кездесуі өтті.

– Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және этносаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша полицияның елдегі ерекше рөлін атап өтті. Бүгінгі таңда полиция қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда, – деп атап өтті Абай Жусупов.

Криминогендік жағдайға келетін болсақ, көптеген бағыттар бойынша жағдай жақсарып, жүйелі оң үрдіске ие. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы тіркелуі төмендеді, оның ішінде ауыр және аса ауыр санатқа жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар 7%-ға төмендеді.

Кісі өлтіру саны 17%-ға, бөтен мүлікті ұрлау 10%-ға, бұзақылық екі есе, автокөлікті айдап әкету 36%-ға азайды. Бұдан басқа, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 10%-ға, оның ішінде көшелерде жасалған қылмыстардың саны 18%-ға, камелеттік жасқа толмағандармен 20%-ға төмендеді, бұрын сотталғандармен жасалған қылмыс саны үштен бірге азайды.

– Бүгінгі таңда қылмыстың кең таралған түрлерінің бірі алаяқтық болып отыр, былтыр оның жалпы саны 22%-ға өсті. Барлық алаяқтықтың 67%-ын интернет-алаяқтық құрайды. Қылмыстың осы түрінің алдын алу мақсатында үлкен жұмыс атқарылуда – күн сайын БАҚ пен әлеуметтік желілерде профилактикалық мақалалар жарияланады, LED-экрандарда бейне роликтер көрсетіледі. Жағдайды ескере отырып, біздің азаматтарымызға хабарласқан банк қызметкерінен, яғни алаяқтардан сақтануын ескертеміз, – деді Абай Жусупов.

Сөз соңында Полиция департаментінің бастығы тікелей эфирде телефон арқылы түскен азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Абай Жусупов барлық проблемалық мәселелерді жеке бақылауға алып, өңір тұрғындарының мәселелерін шешуге тиісті қызмет бастықтарына тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру