Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД: “Терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату – ауыр қылмыс”

Ақтөбе облысы ПД терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату – ауыр қылмысқа жататынын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізде болса, 2022 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласында жоғары оқу орындарының электрондық мекенжайларына жарылғыш құрылғылардың салынғаны туралы хабарламалар келіп түскен еді. Аталған мекенжайларға барлық шұғыл қызметтер, саперлер мен кинологтар қызметтік иттермен барды. Қызметкерлер мен оқушылар эвакуацияланды.

Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Облыс ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Батыс Қазақстан облысы мектептерінің бірінің 10-сынып оқушысын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оқушы істеген ісін мойындады. Полицейлер компьютерді тәркіледі.

Айта кету керек, құқық қорғау органдарында осындай қылмыстарды анықтауға және ашуға арналған жаңа техникалық құралдармен жабдықталған арнайы бөлімшелер бар.

Ақтөбе облысы полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және бұл қылмыс ауыр қылмысқа жататынын ескертеді. Егер жалған терроризм туралы хабарлама кәмелетке толмаған баладан келсе, онда оның “әзілдері” үшін ата-анасы жауап береді. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасынан арнайы қызметтердің жалған қоңырауға жұмсаған шығындары өндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру