Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынының малдарын ұрлаған ағайынды екеу құрықталды

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынының малдарын ұрлаған ағайынды екеу құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамырда учаскелік полиция инспекторы Оймауыт ауылынан 4 шақырым жердегі Жем өзені көпірінің жанында Байғанин ауданының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы УАЗ автокөлігін тоқтатты. Жүксалғышты тексеру барысында полиция тиісті құжаттарсыз сиыр мен бір қойдың екі қаңқасын тапты.

Алдын ала болжам бойынша күдіктінің үйінің ауласын тексеру кезінде бірнеше малдың терілері табылған. Анықталғандай, күдікті өзінің ағасымен бірге еркін жайылымнан малдар ұрлап, автокөлікке тиеп, оқиға орнынан қашып кететін болған. Із қалдырмас үшін ұрлықты түнгі уақытта жасаған.

Желтоқсан айынан бері екі ағайынды бауырлар жергілікті ауыл тұрғынының алты ірі қара малын ұрлаған. Күдіктілер өз кінәсін мойындады.Олар ұрланған малдарды Атырау облысы Құлсары қаласына жіберіп отырған. 

ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру