Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Патрульдік полиция автокөлігімен жол апатын жасаған КамАЗ жүргізушісі қамауға алынды

Нұр-Сұлтанда жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Өндіріс көшесімен келе жатқан КамАЗ автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі авариялық жағдай жасап, патрульдік полиция автокөлігіне соқтығысты. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талаптарын елемей, ер адам азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, айналма жолға шыққан. Құқық бұзушыны ұстау барысында ол басқа патрульдік полиция автокөлігімен де соқтығысты.

Жүргізуші өзін агрессивті ұстап, қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлеріне бағынбаған.

Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соттың қаулысымен оған қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сот психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру