Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген

Ақтөбе облысында шілде айында 33 жол апаты тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының полицейлері жолдарда құқықтық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Өкінішке орай, жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілер әлі де бар, бұл жол-көлік оқиғаларына себеп болады.

Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды. Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу.

27 шілде сағат 14:30-да Toyota Ipsum автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара – Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген. Апат салдарынан осы автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Жүргізуші мен үш жолаушы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру