Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жасөспірімдер үйінің командалары арасында шағын футболдан турнир өтті

Павлодарда “Адам саудасын бірге тоқтатайық!” атты республикалық акция аясында жасөспірімдер үйінің командалары арасында шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда адам саудасы фактілерінің алдын алу бойынша тақырыптық бейнероликтер “Ertis Promenad” сахнасының үлкен экрандарында көрсетілді. Мыңдаған павлодарлықтардың сүйікті демалыс орны – Павлодар қаласының Орталық жағалауында халық арасында адам саудасы проблемасы және “11616” сенім телефонының нөмірі туралы ақпаратпен профилактикалық жадынамалар таратылды.

“Жас ұрпақ” жасөспірімдер үйінің командалары арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, 4 команда қатысты. Жарысқа қатысушы барлық командалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Аталған іс-шараларды Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Адам саудасын бірге тоқтатайық!” атты республикалық акция аясында халықтың назарын осы мәселеге аудару мақсатында ұйымдастырылды. Егер адамдар осындай фактілердің құрбаны немесе куәгері болса, қайда бара алатынын білуі керек.

Акцияны облыс әкімдігі, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар қолдап, демеу көрсетті. Адам саудасы – адам құқықтарының өрескел бұзылуы және халықаралық заңнамада ауыр қылмыс болып есептеледі.

Сарапшылардың бағалауы бойынша әлемде 2,5 миллионнан астам адам құл саудагерлерінің қолында. Жыл сайын мыңдаған ер, әйелдер мен балалар өз елдерінде де, шетелде де саудагерлердің қолына түседі.

2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін бекітті, оның негізгі міндеті – адам саудасы құрбандарының жағдайы туралы хабарды арттыру, олардың құқықтарын қорғау. Адам саудасына қарсы күрестің символы – көгілдір жүрек, ол қайғы-қасіретті бейнелейді және адамдарды сатып алып, сататындардың жүрексіздігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру