Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында дронның көмегімен ЖҚЕ бұзған 8 жүргізуші жазаланды

Тәулік ішінде дронның көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзған 8 жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шараларды үнемі өткізеді.

Осылайша, Самара – Шымкент республикалық маңызы бар трассада тәртіп сақшылары дронды пайдаланып, кешенді жұмыс жүргізді.

Әуе арқылы іске қосылған бейнебақылау құрылғысы жол ережелерін өрескел бұзған және қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтауға көмектесті. Нәтижесінде тәулік ішінде 8 жол қозғалысы ережесін бұзушы анықталды.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 2-бөлігі бойынша (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту ережелерін бұзу) бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру