Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында екі браконьер ұсталды

Ақтөбе облысында екі браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шалқар ауданы ПБ қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында “Охотзоопром” аңшылық инспекторларымен бірлесіп, екі браконьерді ұстады.

Рейдтік іс-шаралар барысында далада мотоцикл мінген екі ер адам байқалып, олар полицейлерді көріп, жасырынуға тырысқан. Аталған адамдар қудалау жолымен ұсталды. Олар Қызылорда облысы Арал ауданының 23 және 27 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Ұсталғандардан полиция екі ИЖ мотоциклін және екі ақбөкеннің өлексесін тәркіледі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілерге үш мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы не мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру