Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есірткі сақтаған тұрғын 11 жылға түрмеге қамалды

Ақтөбе облысында есірткі сақтаған тұрғын 11 жылға түрмеге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы жылдың 18 шілдесінде аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылған Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды, одан 144 грамнан астам психотроптық зат тәркіленді.

Күдіктінің психотроптық зат оралған ораманы бірнеше рет заңсыз сатып алғаны және өзінің жертөлесінде аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны белгілі болды.

Сот отырысында сотталушы тағылған айыпты мойындамады. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында берген айғақтарынан бас тартты. Алайда полиция қызметкерлері жинаған бұлтартпайтын дәлелдермен кінәсі расталды. Үкім заңды күшіне енді. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

– Өткен жылы және осы жылдың өткен кезеңінде психотроптық заттарды кепілге салушыларға қатысты барлығы 17 қылмыстық іс сотқа жолданды, он іс бойынша үкім шығарылды, онда сотталғандардың әрқайсысы 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды, –  деді Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру