Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Көкшетау полицейлері алаяқтықтың екі фактісін тергеуде

Көкшетау полицейлері алаяқтықтың екі фактісін тергеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамызда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына алаяқтық туралы 44 жастағы қала тұрғыны өтінішпен жүгінді. Ер адамның айтуынша, бірнеше күн бұрын ол көлікті сату/сатып алу бойынша танымал қосымшалардың бірі арқылы құны 500 мың теңге тұратын Mercedes автокөлігін тапқан. Бағасы қала тұрғынын қызықтырып, ол хабарландыру авторымен байланысқа шыққан. Автокөлік иесі өтініш берушіден автокөлік құнының жартысын төлеуді сұраған, оған соңғысы келісіп, 215 000 теңге сомасында ақша қаражатын аударған. Бірнеше күн өткен соң, не көлікті, не ақшаны көрмеген қала тұрғыны полицияға жүгінді.

Қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік иесінің жеке басы анықталды.

Сол күні қалалық полицияға алаяқтық туралы тағы бір өтініш түсті. Зардап шегуші, 45 жастағы жергілікті тұрғын маусым айында танысы одан қант сатып алу үшін 37 500 тенге көлемінде ақшалай қаражат алған. Өтініш берушінің айтуынша, ер адам оған басқа аймақтан қант әкелуге уәде берген, бірақ екі ай бойы ол өнімді әкелмеген және ақшаны қайтармаған.

Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру