Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Кентаулық полицейлер үйінде марихуана өсірген тұрғынды анықтады

Кентаулық полицейлер үйінде марихуана өсірген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

“Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен қала тұрғынын құрықтады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 2 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленіп алынды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды.

Нәтижесінде, оның марихуана есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру