Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғынынан 12 келі қарасора тәркіленді

Степногорск тұрғынынан 12 келі қарасора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2022” профилактикалық операциясы аясында жедел ақпаратты пысықтау кезінде Степногорск қаласында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

36 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі жеке учаскеде қарасора бұталары, сондай-ақ өсімдіктерді суару құрылғылары табылды. 173 бұта тәркіленді, сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленгеннің салмағы 12 келіден асты.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қала тұрғынының айтуынша, қарасора өсімдіктері жеке тұтыну мақсатында өсірілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Жылдың басынан бері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірудің 4 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру