Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсанда патрульдік полиция қызметкерлері ЖҚЕ бұзған Lada 21713 көлігін тоқтатқан. Көлікті 47 жастағы ер адам басқарған.

Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкері ер адамның мас күйде екенін байқап, оны медициналық тексеруге жеткізген. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік жүргізбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру