Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында өткен тәулікте 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Ақтөбе облысында өткен тәулікте 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты апаттық жағдайлардың күрт өсуі байқалады. Тек өткен тәулікте ғана 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында сағат 07.40 шамасында ресейлік есептегі “Ваз 211440” автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі 312-атқыштар дивизиясы жағынан “КЕГОК” АҚ-на қарама-қарсы жерде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласы медициналық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Полиция департаменті жолдарда өте мұқият болуды, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолдағы жағдайларды бақылауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру