Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктілер қолға түсті

Ақтөбе облысында өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 31 қаңтарына қараған түні белгісіз тұлғалар Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің ауласынан Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін айдап әкеткен. Жол талғамайтын көлік иесіне келтірілген залал 25 млн теңгеден асты. Полиция қызметкерлері ауқымды жедел жұмыстар жүргізу барысында екі күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілердің бірі жәбірленушінің танысы екені анықталды, ол өткен жылы осы көліктегі дабыл жүйесін ауыстыру жұмысын жүргізген.

Ұрланған автокөлік Орал қаласында күдіктілердің бірінің танысынан табылды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру