Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицей Делиде кикбоксингтен өткен турнирде чемпион атанды

Солтүстікқазақстандық полицей Делиде кикбоксингтен өткен турнирде чемпион атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицей-кикбоксшы кезекті спорттық жетістігіне қол жеткізді. 2022 жылдың желтоқсан айында Тайландта өткен дүбірлі додада Азия чемпионы атанған полиция қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов осы жолы да халықаралық чемпионатта ел намысын абыроймен қорғады.

Спорттық іс-шара Үндістанның Дели қаласында өтті. 2 жыл бойы Қазақстан Республикасының құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген погондағы спортшы шеберлігімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Непалдық спортшыны тізе бүктірді. Ал финалда ирандық спортшымен кездесті. Нұрсұлтан барын салып, ұпай саны жағынан басым түсті.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің спорттық жетістіктері кәсібилікті арттыруда жақсы мотивация болып саналады. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметтерін мінсіз және еш қиындықсыз атқаруы үшін тәртіп сақшыларының дене дайындығы мықты болуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру