Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Сенімен Болашақ”: СҚО полицейлері жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырды

СҚО полицейлері “Сенімен Болашақ” жобасы аясында жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер “Сенімен Болашақ” республикалық қоғамдық бірлестігінің жобасына қосылды. Жоба жастарға саналы түрде мамандық таңдауға көмектеседі. Жоба барысында жоғарғы сынып оқушылары түрлі сала өкілдерімен таныстырылады. Бұл жолы Петропавлдағы Әл-Фараби мектеп-лицейінің 10 және 11-сынып оқушылары облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлерімен кездесті.

Тәртіп сақшылары балаларға кәсіптің беделі туралы айтып, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жоғарғы оқу орындарына түсу жөнінде ұсыныс айтты. Мұндай таңдаудың артықшылығы – тегін оқу, шәкіртақы, толық киім-кешекпен қамтылу және ең бастысы, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

– Полицияға әрқашан белсенді азаматтық ұстанымы бар, айналасындағылардың өмірін қауіпсіз етуді қалайтын физикалық дайын және білімді жастар қажет. Біз ертеңгі полицияда әр адамның мүддесі сұранысқа ие болуы мүмкін жастарды шақырамыз, – деп атап өтті Солтүстік Казақстан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығы Әбілғазы Ғабдуллин.

Мұндай кездесулерден бөлек жоба аясында жоғары сынып оқушылары ұйымдарға, соның ішінде полиция департаментіне барып, пікірталастар өткізіп, эссе жазатын болады.

Өз таңдауын жасап қойғандар үшін полицияға жұмысқа орналасудың барлық мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары тұрғылықты жерінің полиция бөлімдерінде, Петропавл қаласы, Алматы көшесі, 55 үй 314-кабинетке және Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайы бойынша, немесе 8 (7152) 61-26-68, 39-48-05, 39-48-94 телефондарына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру