Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда түзеу мекемесіндегі сотталғандар теолог маманмен кездесті

Таразда түзеу мекемесіндегі сотталғандар теолог маманмен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараздағы қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде теолог мамандар өз жұмыстарын жалғастырып жатыр.

№26 түзеу мекемесіндегі кездесуге облыстық дін істері басқармасының бас маманы Асылхан Қалмырзаев келді.

Басты мақсат – сотталғандарға зайырлылық принциптері және дәстүрлі ислам мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін дәрістер жүргізу.

Кездесу барысында теолог маман бірқатар сотталғандарды жеке қабылдады. Өз кезегінде жазасын өтеушілер діни мәселеге байланысты көкейлерінде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру