Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясына Мансап орталығының мамандары барды 

Алматыдағы балалар колониясына Мансап орталығының мамандары барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесіндегі кәмелетке толмаған сотталғандар Алматы қаласы Мансап орталығы жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің мамандары Болат Райымбек және Тұрлыбек Дауренмен кездесті.

Мансап орталығының мамандары жазасын өтеуші жасөспірімдерге “Мемлекеттік бағдарламалар”, “3 айлық оқу орындары, қайтарымсыз грант” және “Агробизнес” бағдарламалары туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Бүгінгі таңда сотталып келген адамдардың жұмысқа орналасуы өте өзекті мәселеге айналып отыр. Олардың өмірден өз орындарын тауып, өткен қателіктерінен сабақ алуы үшін тұрақты жұмысқа орналасуының маңызы зор. Осы орайда мамандар жазалы жасөспірімдерге еркіндікке шыққан соң қалай кәсіби білім алып, қалай жұмысқа орналасуға болатыны жөнінде түсіндіріп, олардың сұрақтарына толық жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру