Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция интернет-алаяқтықты алдын алу бойынша акция өткізді

Жетісу облысында полиция интернет-алаяқтықты алдын алу бойынша акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Жетісу полицейлерінің бастамасымен интернет-алаяқтықты алдын алу бойынша кең ауқымды “Абайлаңыз, алаяқтар!” атты акция өткізілді. Аталған іс-шара Талдықорған қаласы мен Көксу ауданында бастау алды.

Полицейлердің мобильді топтары тұрғындармен алаяқтар қоңырау шалған кездегі нақталынған іс-әрекеттері көрсетілген кітапшалар мен парақшаларды таратып, әр бірімен мұқият әңгімелесті.

– Полицейлердің негізгі мақсаты – интернет-алаяқтардың әрекетінен сақтандыратын профилактикалық бейнелер мен посттарды әзірлеу, сондай-ақ тарату мен көбейту ғана емес, әлеуметтік желілерде белсенділігі төмен зейнеткер тұрғындардың осал санатымен жеке әңгімелесу, – деп атап өтті ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

Тәртіп сақшылары кездесу барысында алаяқтық көбінесе мобильді байланыс құралдары, интернет, әлеуметтік желілер және хабарландырулар орналастыруға арналған сайттар арқылы жасалатынын түсіндіріп, телефондарына келіп түскен қоңыраулар мен хабарламаларға мұқият қарау қажеттілігі туралы хабардар етті.

– Полицейлер жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше топқа бөлініп, көп пәтерлі және жеке үйлерге барып, көшедегі өтіп бара жатқан адамдарға да алаяқтардан қалай қорғану қажеттілігі туралы түсіндірді, – деді Т.Беркінбаев.

Қылмыскерлер өздерінің алаяқтық жоспарларын әр уақытта жетілдіріп отыратындарын ескере отырып, полиция департаментінде тәулік бойы және үзіліссіз “Киберпол” арнайы бөлімшесі өңір тұрғындарын интернет-алаяқтардың қулықтарынан хабардар ету, ескерту және қорғау үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

– Бүгінгі таңда, интернеттегі алаяқтықтың түрлері сан алуан. Әрбір жаңа жағдайда алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп ақша алу үшін барлық жаңаша амалдарды ойлап тауып, оның қолданысын табуда. Бұл іс-шараның мақсаты – халықты барынша кең қамтумен хабардар ету және интернет-алаяқтық саласында полицейлердің әзірлеген профилактикалық іс-шаралар туралы әрбір тұрғынға жеткізу, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ-ның бастығы Қайсар Мухметов.

Іс-шараға барлығы полицияның 150 қызметкері тартылды, олар облыс орталығының 73 көп қабатты үйлері мен 17 көшелерін, сондай-ақ Көксу ауданы Балпық би ауылының жеке секторлары мен халық көп жиналатын базарларын да аралап шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру