Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 42 фактісі анықталды

Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 42 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17-31 желтоқсан аралығында табиғат қорғау органдарына жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сатудың жолын кесу бойынша жәрдемдесу мақсатында облыс аумағында “Шырша” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, экологиялық және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған нысаналы іс-шаралар кешенін жүргізу қамтамасыз етілетін болады.

Жедел алдын алу іс–шарасын өткізген алты күн ішінде мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 42 фактісін анықтады. Оның ішінде 32 факті жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзу, 10 факті қылқан жапырақты ағаштардың белгіленбеген жерлерінде сауда жасау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру