Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Жазғы демалыс кезеңінде 21 мен 30 тамыз аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Шара нәтижесінде Ішкі істер бөліміне 537 кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде 508 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00 дейінгі аралықта 22 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жеткізілді.

28 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
ІІБ-ның есебіне 47 кәмелетке толмаған жасөспірім және 40 қолайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру