Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жастарға арналған есірткіге қарсы форум өтті

Ақтөбе облысында жастарға арналған есірткіге қарсы форум өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәртөк ауданының мәдениет үйінде “Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі” тақырыбында жастармен кездесу форматында антинаркотикалық форум өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайту болды.

Форум барысында есірткінің зияны туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнематериалдар ұсынылды.

Облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар кинологиялық қызметтің жұмысы таныстырылып, қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды анықтау тәсілдері көрсетілді.

Кездесудің келесі бөлігінде дропперлік ұғымытүсіндіріліп, интернет-алаяқтықтың бұл түрінің қоғамға келтіретін зияны айтылды. Жастарға өздерінің банктік деректерін бөгде адамдарға берудің қауіптілігі ескертіліп, мұндай әрекеттер үшін заңмен көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы бопсалау мен жастар қылмысының алдын алу мәселелері қозғалды. Қатысушыларға құқық бұзушылықтардың салдары туралы бейнематериал көрсетіліп, жедел әрекет ететін арнайы жасақ қызметкерлері өздерінің қызметтік дайындығын және қолданылатын құрал-жабдықтарын таныстырды.

Форумға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, қоғам белсенділері мен пікір көшбасшылары қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар көкейіндегі сұрақтарына жауапалды. Спикерлер заңды сақтау мен жеке жауапкершілік қағидаттары қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты негізі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру