Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жүк көлігі атқа мінген малшыны қағып кетті

Ақтөбе облысында жүк көлігі атқа мінген малшыны қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпанда сағат 18:30 шамасында Түркістан облысының тұрғыны – DAF жүк автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Ырғыз ауылы жағынан Қарабұтақ ауылы бағытында, Самара-Шымкент автожолының 1027 шақырымында атқа мінген адамды қағып кеткен.

28 жастағы ер адам автожолдың жанында мал баққаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан малшы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру