Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері 183 қолайсыз отбасыны тексерді

Ақтөбе облысының аумағында 27-29 маусым аралығында “Түнгі қаладағы балалар” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара балалар құқықтарының бұзылу фактілерін анықтауға, балалар еңбегін пайдалануды жол бермеуге, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға бағытталған. “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды, оның шеңберінде саяжай шаруашылықтары, фермерлік алқаптар, теміржол вокзалы, жанармай құю станциялары, көлік жуу орындары, қоймалар, базарлар және тұрғын үйлердің 300-ден астам жертөлелері тексерілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалар еңбегін пайдаланудың 34 фактісі анықталды, оның ішінде 22 бала шартсыз жұмыс жасаған, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі адам қайыр сұрағаны үшін жеткізілді.

Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша 183 қолайсыз отбасы тексерілді. Ювеналды полиция инспекторлары ІІО-на тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 356 кәмелетке толмаған және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін алты кәмелетке толмаған жеткізілді.

32 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру