Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны “банк қызметкеріне” үш млн теңгесін беріп қойды

Ақтөбе облысының тұрғыны “банк қызметкеріне” үш млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурыз күні Ырғыз ауданының 54 жастағы тұрғынына қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалушы өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған.

Қоңырау соққан адам жәбірленушінің жеке деректерін иемденіп, оның шотынан жалған шотқа шамамен үш млн теңге аударып алған.

Әйел аударылған ақшаны көріп, бірден полицияға жүгінді. Полицейлер күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Алаяқтық жағдайдың жиілеп кетуіне байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті интернет банкке кіру үшін дербес карта деректемелерін ешкімге бермеуді, логин немесе парольді телефон арқылы үшінші тұлғаларға айтпауды, SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өтпеуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру