Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері есірткі таратушыны қолға түсірді

Ақтөбе полицейлері есірткі таратушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусымда Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жедел шаралар жүргізу барысында бау-бақша ұжымдарының бірінен Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.


Жеке тінту барысында әйел адамның қалтасынан салмағы 0,75 грамды құрайтын ұнтақ зат салынған бір орам табылып, тәркіленді.

Әрі қарай ұсталғанның мекенжайын тінту барысында есірткі заттары салынған 10 пакет пен электрондық таразы табылып, тәркіленді. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің бұған дейін бау-бақша ұжымдары аумағындағы 4 жерге есірткі қойғаны анықталды. Тексеру кезінде ұнтақ зат салынған 70 орама табылып, тәркіленді.

Тәркіленген прихотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асады. Бұл екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру