Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері мас жүргізушіні анықтады

Ақтөбе полицейлері көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбеде 8 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері Көпейұлы көшесінде 41 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды. Полиция бөліміне жеткізген уақытта сараптама жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті.

Сонымен қатар, оның бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру