Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері ЖҚЕ бұзған 147 жаяу жүргіншіні жауапқа тартты

Ақтөбе полицейлері ЖҚЕ бұзған 147 жаяу жүргіншіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы ПД полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 147 жаяу жүргіншіні жауапкершілікке тартты.

Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 11-14 тамыз аралығында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін ЖҚЕ сақталуын бақылау бойынша жұмыстарды жандандыру.

Алдын алу іс-шарасының екінші күнінің нәтижелері бойынша жол қозғалысы саласында 1 396 бұзушылық анықталды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 15, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу дың 20 дерегі, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін әкімшілік тәртіппен 78 жүргізуші жазаланды, ЖҚЕ бұзғаны үшін 147 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланудың 98 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру