Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны тәттіге телефон жасырып, қамаудағы танысына жеткізбек болды

Ақтөбе тұрғыны тәттіге телефон жасырып, қамаудағы танысына жеткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторы мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде тәттілердің ішіне мұқият жасырылған екі шағын ұялы телефон және үш SIM-картаны тәркіледі. Тыйым салынған заттарды 27 жастағы Н. А. есімді қала тұрғыны абақтыда «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деген айып тағылған күдікті-айыпталушы танысына тәттінің ішіне жасырып, бермек болған.

– Азамат Н. А. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791-бабы (Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру) және 795-бабы (Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, тауарлары мен құжаттарын алып қою) бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру