Ақтөбе түрмелерінде діни сауаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде
Ақтөбе түрмелерінде діни сауаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысындағы түзеу мекемелерінде сотталғандарға «Ақниет» қоғамдық қоры теологтары және ҚМДБ өкілдігінің имамдарымен жыл басынан бастап 300-ге жуық ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы тобының бас маманы Руслан Тулегеновтың айтуынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айынын бастап, ІІМ Қостанай академиясы және «Ақниет» ҚҚ-мен бірлесіп, КА-168/2 түзеу мекемесінде терроризм, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясын ұстанушы сотталған адамдардың радикалдану ниетінен арылту бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды.
– Пилоттық жобаның басты мақсаты – түзеу мекемелерінде теріс бағыттағы діни сенімде жүрген сотталғандарды діни экстремистік-террористік идеологиялардан бас тартуға әкелу және байыпты бағыттағы діни сенімге бағыттау болып табылады. Яғни, пилоттық жоба – теологиялық, психологиялық және идеологиялық (патриоттық) бағыттарды көздейді.
Осы ретте, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандар арасында радикалдық көзқарасты оңалту және радикалды идеологияға имунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта осы бағытта жалғасын табатын болады, – дейді Руслан Тулегенов.