Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 400-ден астам сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді

Ақтөбеде 400-ден астам сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі бастығының жеке құраммен өткізген жұмыс кеңесінде 7-12 ақпан айында облыс аумағында өткен “Бақылау” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланып, құқық бұзушылықтардын алдын алуға бағытталған жаңа міндеттер талқыланды.

Жалпы, Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметімен “Бақылау” іс-шарасы барысында пробация есебінде тұрған 400-ден астам сотталған тұрғылықты мекенжайы және жұмыс орындары бойынша тексерілген. Іс-шара кезінде жаза өтеу шарттарын бұзған сотталғандардың бас бостандыгынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөнінде 11 жазбаша ескерту берілді. Сондай-ақ, қасақана бұзушылыққа барған 8 есепте тұрған сотталғанның жазасын бас бостандығынан айыру және қамауға алу бойынша жадығаттар сотқа жолданған.

Кеңесте сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік туралы мәселелер де қозғалып, құқық бұзушылықтардын алдын алу бойынша тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру