Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе «АХҚЗ» АҚ цехында 4 жұмысшы қаза тапты

28 мамырда «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ №4 цехында 50 текше бак ішіндегі тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан төрт жұмысшы қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған факті бойынша облыстық ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлімі байсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру