Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бағдаршамдар мен жол белгілерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды

Ақтөбеде бағдаршамдар мен жол белгілерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің берген нұсқамалары негізінде мердігер ұйымдар жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын шаң мен ластанудан тазарту жұмыстарын бастады. Оларды айдың ортасына дейін бүкіл қала бойынша ретке келтіру жоспарланып отыр. Бағдаршамдар мен белгілер қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызды.

Жұмыс көлемі үлкен: облыс орталығында барлығы 165 бағдаршам және 9 мыңнан астам жол белгісі орнатылған. Сонымен бірге мамандар олардың техникалық жағдайын тексереді. Осы жұмыстар аясында жол белгілері де жаңартылуда.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және жол қозғалысының белгіленген талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру