Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бірнеше мәрте ұрлық жасаған ұры ұсталды

Ақтөбеде бірнеше мәрте ұрлық жасаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында А.Молдағұлова даңғылы бойындағы 5-шағын ауданның аялдамасында тұрған автобус салонында 44 жастағы әйелге тиесілі “Samsung Galaxy” смартфонын жасырын ұрлап кеткен 54 жастағы ер адамды ұстады. Шығын сомасы 120 мың теңге.

Қалта ұрлығы фактісі бойынша ұсталған азамат осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын жауапқа тартылып, бірнеше рет сотталған, құқық қорғау органдарының есебінде тұрған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті өзіңізді қалта ұрыларынан қорғауды ескертеді, қоғамдық көліктерде, сондай-ақ дүкендерге немесе адамдар көп жиналатын жерлерге барған кезде абай болыңыз. Сіздің сөмкеңіз бен сыртқы киіміңіздің бекітілгеніне көз жеткізіңіз, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, мүлікті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру