Ақтөбеде екі оқушы құрдасын тонап кетті
Ақтөбеде екі оқушы құрдасын тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың анасы тонау туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, 3 шілде күні 13 жастағы ұлын белгісіз екі адам қорқытып, смартфонын тартып алып кеткен, кейін интернет-банкинг арқылы екі мың теңге көлемінде ақша аударып алған. Смартфонды иесіне қайтарып, белгісіз бағытта жасырынған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласының 14 жастағы екі тұрғынын ұстады. Кәмелетке толмағандар бөлімге жеткізілді, онда олар өз кінәсін толық мойындады.
ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.